Мемлекеттің егеменді ел екенін айқындайтын бірден-бір белгі − ақша айналымында өзіндік төл вальютасының болуы. Бұл − мемлекеттің нағыз ел болуып қалыптасқан нышаны. Ұлттық валюта қалыптастыру — көп күш пен еңбекті талап ететін, күрделі үдеріс. Бірақ Қазақстан тәуелсіздігін алғанына 2 жыл толмай жатып, 1993 жылы 15 қараша күні теңгені ресми түрде ақша айналымына енгізді. Ол қазақстандық валютаның дүние есігін ашқан күн болып естептеледі. Ұлттық валюта — теңге туралы бірнеше қызықты дерек ұсынамыз.