Помогите написать реферат о Дүкенбай Досжан ** казахском))​

0 голосов
74 просмотров

Помогите написать реферат о Дүкенбай Досжан на казахском))​


Қазақ тiлi (17 баллов) | 74 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Дүкенбай Досжан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Jump to navigationJump to search

Дүкенбай Досжан

Туған күні  

9 қыркүйек 1942

Туған жері  

Қызылорда облысы  

Жаңақорған ауданы

Қайтыс болған күні  

15 қыркүйек 2013 (71 жас)

Қайтыс болған жері  

Астана

Азаматтығы  

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

Қазақ КСР

Қазақстан

Ұлты  

Қазақ

Мансабы  

жазушы

Марапаттары  

OrdenParasat.png  

Құрмет ордені

Medal10Astana.pngMedal20RK.png

Сыйлықтары  

KZ Premium.png

Дүкенбай Досжан (1942 жылы 9 қыркүйекте Жаңақорған ауданы Қызылорда облысы — 15 қыркүйек 2013, Астана) — жазушы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.

Мазмұны

1Жалпы мәліметтер

2Шығармашылығы

3Марапаттары

4Дереккөздер

Жалпы мәліметтер

ҚазМУ-ды (ҚазҰУ) бітірген (1964).

1963 – 1966 жылдары «Жетісу» газетінде әдеби қызметкер,

1966 – 1975 жылдары «Жазушы» баспасында аға редактор,

1976 – 1984 жылдары Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Кейін Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі болған.[1]

Шығармашылығы

Тұңғыш өлеңдер жинағы 1964 жылы жарық көрді. Досжан проза саласында өнімді еңбек етіп, 8 роман, 18 повесть, 100-ден астам әңгіме жазды. Досжанның көркем шығармалары мен зерттеу еңбектерінің тақырып аясы кең.

«Отырар» (1965),

«Фараби» (1965),

«Жібек жолы» (1973) хикаяттары мен рома]дарына тарихи оқиғалар арқау болса,

«Зауал» (1970),

«Кісі ақысы» (1978],

«Дария» (1975),

«Табалдырығыңа табын» (1980),

«Жолбарыстың сүрлеуі» (1984) атты шығармалары бүгінгі заман тақырыбына арналған.

Ұлы адамдар өмірін көркем тілмен сөйлеткен

«Мұхтар жолы» (1998),

«Абай айнасы» (1994),

«Алыптың азабы» (1997) романдары өз алдына бөлек топтама құрайды.

Досжан шығармалары даралық стилімен, бейнелі тілімен ерекшеленеді. Жазушы кейіпкердің жан толғанысын сезім шырғалаңы, ой ағыны арқылы суреттеуге машық. Оның

«Екі дүние есігі» (1998) атты зерттеу еңбегі – Түркістан қаласының тарихын, сондағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің салыну жай-жапсарын мейлінше мол қамтыған дерекнама. Досжанның шығармалары әлемнің 19 тілінде жеке кітап болып шыққан.

Екі томдық таңдамалы шығармалары жарық көрді (1990).

«Құм кітабы» үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (1996).

Досжан Түркістан қаласының, Жаңақорған, Созақ, Отырар аудандарының құрметті азаматы.[2][3]

Марапаттары

ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1996),

М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты (1987).

Түркістан қаласының, бірнеше аудандардың Құрметті азаматы.

«Құрмет» (2001), «Парасат» (2008) ордендерімен марапатталған.

Қаламгер 1974 жылы «Зауал» кітабы үшін «Молодая гвардия» баспасының «Қазіргі заманғы жақсы роман» сыйлығын,

1988 жылы Украинаның «Днепро» баспасынан шыққан «Жібек жолы» романы үшін «Тарихи тақырыптағы жақсы кітап» сыйлығын алған.

Жазушының есімі АҚШ-тың «Әдебиет және өнер адамдары» энциклопедиясының 2-ші томына,

«Ұлттық энциклопедияның» 3-ші томына,

«Абай энциклопедиясына»,

Қазақстан Президенті жанындағы даму институтының «Элита Казахстана» (2008) анықтамалығына енген.[4]

Дереккөздер

«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7

Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8

“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

(90 баллов)