Егер мен чемпион болсам эссе​

0 голосов
254 просмотров

Егер мен чемпион болсам эссе​


Қазақ тiлi (15 баллов) | 254 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Ответ:

Егер мен чемпион болсам...

Бұл тақырыпқа армандап өз болашағымды болжау маған оңайға түседі, себебі мен спортпен шұғылданамын. Әр адамның өзіндік талғамы мен ішкі дүниесіне сай сүйікті ісі болады. Біреулер би билеп, өз орнын тапса, енді біреулер ін айтады, басқалары спортпен шұғылданады.

Менің сүйікті хоббиім - спортпен шұғылдану, атап айтқанда, волейбол. Арнайы спорт мектебінде жаттығып жүргеніме екі жылдан асты. Жаттығу күндерін асыға күтіп, бар күш - жігерімді жұмсап айналысамын. Болашақ өмірімді де спортпен байланыстырамын. Жаттықтырушыларымның арқасында бірнеше спорт сайыстарының жеңімпазы, жүлдегері атанып жүрмін.

Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын. Өз басым спорт үйірмесіне күнде бармасам, күнделікті таңертең жаттығу жасаймын. Таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасаймын. Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.

Қай спорт түрі болмасын үлкен табандылық пен төзімділікті талап етеді. Жеңіс оңай келмейтінін есте сақтауымыз керек. Тек қажырлы еңбек пен алға қойған мақсатқа ұмтылу арқылы биік белестерден көрініп, еңбегіміздің жемісін бағалай аламыз.

Енді чемпион болсам не істер едім? деген сұраққа жауабым – алдымен өзім жаттығып жүрген спорт үйінің жөндеуге қаржылай үлесімді қосар едім. Одан кейін осы спортқа келуіме себепші болған, менің тілеуімді тілеп отыратын ата – анамның арманын орындап шетелге қыдыртар едім. Соңғысы – жаттықтырушыма естелік сыйқлық жасар едім.

(22.8k баллов)