Егер мен спортшы болсам эссе

0 голосов
83 просмотров

Егер мен спортшы болсам эссе


Қазақ тiлi (18 баллов) | 83 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Әрбір адам спортпен шұғылданса, дене бітімі сымбатты болады. Әрбір адамның денсаулығы мықты болады. «Дені саудың- жаны сау» -деп халқымыз айтады емеспе. Мен спортшы болсам, белгілі бір спорт түрімен шұғылданып түрлі жарыстарға қатысар едім.

Жас адамдардың енесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.

Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.

Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану адамның ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.

Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.

Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.

Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.

Спорт адамдарды жылдамдыққа,төзімділікке тәрбиелейді.

Туризм - адамдарды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Спорт — адамдарды денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.

Табиғат факторларын адамдардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді.

Спотрпен уақытылы шұғылданып отыру керек. Әрбір адам өзіне спортты серік етсе, өзіне пайдалы

(26 баллов)