Сұрақтарға жауап бер. • Қазақтың ән өнері туралы не білесің? • Қазақтың қандай әншілерін...

0 голосов
222 просмотров

Сұрақтарға жауап бер. • Қазақтың ән өнері туралы не білесің? • Қазақтың қандай әншілерін білесің? • Саған қандай әндер ұнайды: халық әндері ме әлде эстрадалық әндер мен? • Қазақ эстрадасының қандай әншілерін білесің? • Қазақ тіліндегі қандай ән ұнайды? • Ұялы телефоныңа ән жазасың ба? • Ән жазсаң, ол - кімдердің әні?


image

Қазақ тiлi (57 баллов) | 222 просмотров
0

у меня такая же книга

Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

Кеңес дәуіріндегі қазақ эстрадасының қалыптасуына композиторлар А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Л.Хамиди]], әншілер: Ж.Омарова, Р.Қойшыбаева, Р.Бағланова, Б.Төлегенова, Е.Серкебаев, ағайынды Абдуллиндер, т.б. елеулі үлес қосты. Музыкалық эстрадамен қатар көркем сөз оқу шеберлері де қалыптасты. Олардың қатарында Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Ә.Жолымбетов, т.б. есімдерді атауға болады. 3) Қазақ эстрадасының кәсіби сипатқа ие болу кезеңі – 20 ғ-дың 2-жартысы. Бұл қазақ ән өнерінің жалпыхалықтық сипатқа ие бола бастаған тұсы. 50 – 80-ж. Қазақ эстрадасының көкжиегіне Б.Байқадамов, Ә.Есбаев, Ш.Қалдаяқов, Н.Тілендиев, Е.Хасанғалиев, Ә.Бейсеуов, Т.Базарбаев, С.Бәйтереков, К.Дүйсекеев сынды сазгерлер көтеріліп, шығармалары ел арасына кеңінен тарады. Көпшілікке арналған ән жанрының дамуымен қатар оны орындайтын эстрада әншілерінің өзіндік мәнері қалыптасты. С.Әбусейітов, Л.Кесоглу, В.Қармысова, З.Қойшыбаева, С.Тыныштығұлова, М.Мұсабаев, Р.Мұсабаев, Н.Нүсіпжанов, А.Қоразбаев, Қ.Құлыш, С.Нұрмағамбетова, Р.Рымбаева, А.Сембин, Б.Сәмединова, Ж.Айжанова, Н.Өнербаев, т.б. әншілерді атауға болады. “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Арай”, “Ариран”, “Алатау”, “Яшлық”, “Жайық қызы”, “Сыр сұлуы”, “Жетісу”, “Ұлытау” ән-би және эстрадалық ансамбльдері Қазақ эстрадасының дамуына зор ықпал етті. Кәсіби сипаттағы Қазақ эстрадасының қалыптасуы 1965 ж. Г.Ғалиева ұйымдастырған эстрада-цирк өнері студиясының ашылуымен тығыз байланысты. Оның жанынан әнші, термеші артистер даярланып, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Байбосынов, Ж.Кәрменов, т.б. дәріс берді. Еліміз егемендік жолына түскелі Қазақ эстрадасы жаңа сипатқа ие болды. “Қымызхана”, “Тамаша” ойын-сауық отаулары Т.Жаманқұлов, Қ.Сұлтанбаев, Т.Құлыбеков, М.Нұрекеев, т.б. есімдерін көпшілікке танытты.

(30 баллов)