Халқымыздың тəуелсіз Қазақстан Республикасы атты мемлекет құрып, ұлт тың азаттығын сақтай білуі бүгінде қаншалықты ма ңыз ды болса, сол мемлекеттің шынайы да танымды тарихын жазып, келер ұрпаққа жеткізе білуде соншалықты маңызды. Өйткені, тарих — ұлттың жады. Танымды тарихы жадында жатталған ұлт қана ұлт ретінде сақталып, басқалармен қатар терезесі тең өмір сүре алады. Тарихын қастерлеген ұлт қана өткеннен тағылым алып, келешегіне сеніммен қарайды. Демек, ғылыми негізде жазылған танымды тарих — ұлт тəуелсіздігінің, ұрпақ тəуелсіздігінің кепілі.