– Анашым, анашым!
– Не болды, балам?
– Бүгін сабақ болмады ғой, білесіз бе?
– Әуелі асықпай шешініп келсеңші.
– Жарайды. Қазір келемін.
– Ал, айта ғой, неге сабақ болмады?
– Біз сынып болып Гауһар апаймен мұражайға бардық.
– Қай мұражайға?
– Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына.
– Ол үлкен әрі керемет мұражай ғой. Не көріп, үйрендің?
– Ия, өте үлкен мұражай екен. Мұрайжай 1976 жылы қаланған екен. Мұражайдың аса бай қорында 22500-ден астам кескіндеме, графика, сурет және шет елдердің қолданбалы өнерінің баға жетпес жұмыстары қойылған.
– Сірә,қай суретке қарарыңды білмей қалған шығарсың, ия?
– Әрине. Білесіз бе, мен болашақта керемет, білікті суретші болғым келеді. Және менің де жұмыстарымды осылай қор етіп жинап, мұражай ашса деймін.
– Балам, егер жақсы оқып, жақсы маман иесі бола білсең бұл арманың орындалады. Тек үнемі ізденісте бол, еңбек ет.
– Әлбетте!
Подробнее - на Znanija.com - znanija.com/task/24310687#readmore