Төмендегі сын есімдерге шырай жұрнақтарын жалғап сөйлем құра. Жарық, үлкен, кең , дәмді...

0 голосов
464 просмотров

Төмендегі сын есімдерге шырай жұрнақтарын жалғап сөйлем құра. Жарық, үлкен, кең , дәмді дәл, ұзын, жұмсақ, ауыр.


Қазақ тiлi (41 баллов) | 464 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Ответ:

Жап-жарық, тым үлкен, кеңдеу, дәмдірек, дәп-дәл, ұп-ұзын, жұмсақтау, тым ауыр.

Әкем бөлмемдегі шамдарды ауыстырып берген соң, бөлмем жап-жарық болып қалды.

Интернет арқылы тапсырыс берген аяқ киімім тым үлкен болды.

Біздің жаңа сыныбымыз бұрынғымен салыстырғанда кеңдеу.

Бүгінгі пісірген тамағым дәмдірек шыққан сияқты.

Анам тігіп берген көйлегім өзіме дәп-дәл бола қалды.

Әпкемнің шашы ұп-ұзын-өрген кездің өзінде белінен төмен түсіп тұрады.

Бауырсақтың қамырын сәл жұмсақтау қылып илеген дұрыс.

Тым ауыр сөмкемді көтере алмай, үйге әзер жеттім.

(22.8k баллов)