Көшеде өтерде әуелі сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде,оң жағыңа көз сал.Егер машина келе жатса,өтіп кеткенше сол орнында күте тұр. Аялдамада тұрған автомобиль,автобус,троллейбустың,машинаның арт жағынан айналып өт.Сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.Көшенің екінші бетіне өту үшін,арнайы өткелден өту керек.Көшеде келе жатып,қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең,сақтанып,күте тұр.Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт,машина есігін ашып қалуы мүмкін.Жол үстінде ойнама,сырғанақ теппе. Жер тайғақ болса,жолда абайлап жүр.