Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама "Теледидар"
Сабақтың мақсаты: Мәтіннің негізгі ойын, мазмұнын жазба түрінде жеткізу.
Білімділік мақсаты: Сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс қолдана білу, сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тыңдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: табиғатты аялауға,қамқор болуға тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
ІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсаты, тақырыбы айтылады. Мұғалім оқушыларды мазмұндама жазуға даярлайды. Мәтінге жуық жазылатын екенін ескертеді.
1. Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды.
Теледидар
Теледидар өнерге, мәдениетке, халыққа қызмет етеді. Оның адам үшін пайдасы көп. Үлкеніміз де, кішіміз де теледидар алдында көп уақытымызды өткіземіз. Өкінішке орай, оның зиян жағы да бар. Ол адамның денсаулығына үлкен әсер етеді, көздің көруін нашарлатады. Әсіресе балалар мінезі өзгеруде. Олардың ашушаң, ренжігіш болып өсуіне осы көгілдір экран кінәлі. Теледидарға құмар бала, әдетте, кітап оқымайды. Ондай балада белсенділік төмен болады. Оны енжарлық, жалқаулық басып тұрады.
Алтын уақытты тек теледидар алдында өткізген дұрыс емес.
2. Сөздік жұмысы. Таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру, қиын сөздерді тақтаға жазу.
Өкінішке орай – к сожалею
Әсіресе - особенно
Ашушаң - раздражительный
Ренжігіш – обидчивый
Кінәлі – виновный
Құмар – пристрастие
Енжарлық – базразличие
3. Сұрақ-жауап кезеңі.
а) Теледидардың қызметі қандай?
ә) Пайдасы мен зияны бар ма?
б) Денсаулыққа қандай зиян келтіреді?
в) Теледидир көп қараған бала қандай болады?
г) Теледидирдың алдында көп уақытты өткізуге болады ма?