1.Барыс септік жалғауын көрсетіңіз.:
A) -ды, -ді.
B) -нан, -нен.
C) -мен, -бен.
D) -ның, -нің.
E) -ға, -ге.
2.Құрмаластардың ішінен шартты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз:
А) Ет жиналысымен, шай да келді.
В) Емтихан тапсырдық та, қайттық.
С) Таныс болмағандықтан, жақсы сөйлесе алмадық.
D) Сен келмейінше, мен кетпеймін.
Е) Үзіліс болған соң, далада ойнады.
3. Көптік мағына беріп тұрған жалғауды табыңыз.
А) Ауылдың маңы - терең сай.
В) Тәуелсіздік біздің арманымыз еді.
С) Үй жиhаздарын жинау.
D) Білімдіден шыққан сөз.
Е) Отаным - бақыт ордасы.
4. Сенің ойың орындалатын шығар? Сұраулық мағынаны туғызушы сөз табын табыңыз.
А) Етіс.
В) Зат есім, етістік.
С) Есімдік.
D) Көсемше.
Е) Көмекші етістік.
5. Диалект сөздерді көрсетіңіз.
А) Оның, соған,тасбиық.
В) Бөз, боз.
С) Көпшік, дарбаза.
D) Орман, тоғай.
Е) Қара, ат.
6. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.
А) Дәрежесі үлкейген екен.
В) Олар үйін үлкейтіп салуда.
С) Атамның жасы үлкейді.
D) Бекболаттың көзі үлкейіп барады.
Е) Қарны үлкейді, қампиды.
7. Омонимді белгілеңіз: "Ол сенен он жас үлкен".
А) сенен
В) үлкен
С) он
D) ол
Е) жас
8. «Арқанның ... жақсы, әңгіменің ... жақсы» мақалына сай келетін антонимдік жұпты табыңыз
А) алыс – жақын
В) қатты – жұмсақ
С) ұзыны – қысқасы
D) көп – аз
Е) сулы – құрғақ
9. Барыс септігінде тұрған сөзді көрсетіңіз. "Асқар көршісіне тез келуді ескертті"
А) тез
В) көршісіне
С) келуді
А) Асқар
Е) ескертті
10. Еш сөзі қай сөзбен бірге жазылады?
А) еш (бір)
В) еш (бала)
С) еш (адам)
D) еш (мектеп)
Е) еш (жерде)