Помогите пожалуйста написать эссе!Менің болашақ мамандығым фармацевт-провизор

0 голосов
350 просмотров

Помогите пожалуйста написать эссе!Менің болашақ мамандығым фармацевт-провизор


Қазақ тiлi (315 баллов) | 350 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Менің болашақ мамандығым – фармацевт-провизор.

Әлемде сан мыңдаған мамандық бар.Олардың қай-қайсысының болмасын адам өмірінде алар орны зор.Сондықтан да мамандық таңдауды үлкен жауапкершілік деп ескеруіміз қажет.

“Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де,талап қыл” демекші,менің болашақ мамандығым – фармацевт-провизор.Бұл ауырғанда дәрігерден кейін көмек сұрайтын екінші маман.Фармацевт – дәрілік препараттар саласындағы маман.Ол дәрілерді ажыратып қана қоймай, олардың құрамын,өзара әрекеттесуін және адамға әсерін де білуі қажет.Ал фармацевт-провизордың фармацевттерден айырмашылығы – ол жоғары дәрежедегі қызметкер және өз дәрісін жасап шығара алады.Фармацевттің арқасында ауырып жүрген адамдар ауруларына ем табады.Фармацевт мамандығы қазіргі таңда жоғары сұранысқа ие.Сонымен қатар білікті фармацевт-провизор болу үшін химия,биологиядан басқа, математикаға да етене жақын болу керек.Себебі,оның жұмысында көптеген цифрлар кездеседі.Және де ол әрдайым ізденісте әрі есте сақтау қабілетінің жоғары болуы шарт.

Ал мен бұл мамандықты таңдауымның себебі – “бірінші байлық – денсаулық ” екендігін ескере отырып,ем іздеп келген адамға кішкене де болсын көмек беру.Келешекте өзімді білікті маман ретінде көргім келеді.

(17.0k баллов)