Ата-анамның мамандығы.
“Ата–ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы”,-деп Антон Макаренко айтқандай,біздің ата-анамыздың сөйлеген сөзі, іс-әрекеті бізге үлгі болуы керек.Таңертеңнен кешке дейін ата-анамыз өз мамандықтары бойынша жұмыс жасайды,үй ішін асырайды.Олар да өз кезегінде мамандық таңдаудың адам өмірінде алар орнының зор екенін біліп,өз жүректері қалаған мамандықты таңдайды.
Ал менің анамның негізгі мамандығы – сән дизайнері.Бірақ қазіргі таңда анам жұмыс жасамайды.“Ағаш көркі-жапырақ,адам көркі-шүберек” демекші,неше түрлі киімді ғана емес, тұрмыстық бұйымдарды да тудыратын,әрлейтін дизайнер мамандығына деген қазіргі таңда сұраныс көп деп ойлаймын.Дизайнер сөзінің өзі ағылшын тілінен аударғанда «айрықша үлгілер мен образдарды, ой-өрнектерді ұсынушы» деген мағынаны білдіреді.Бұл мамандыққа икемділікпен қатар,шыдамдылық,ізденіс,шабыт және еңбекқорлық керек.Әлбетте,бұл қабілеттер менің анамның бойында бар.
Әкем болса саудагер болып жұмыс жасайды.“Құдығына қарай қауғасы, базарына қарай саудасы” деп халқымыз айтып кеткендей,саудасыз қазіргі тіршілікті елестету мүмкін емес.Сондықтан бұл мамандық та қажет мамандықтардың бірі.
Осылайша,мен анам мен әкемнің жұмыстарына тамсанып,олармен мақтанамын.