Электронды құрылғылар.
Ақпаратты беру, түрлендіру және сақтау мақсаттары үшін электрондық құрылғылар қолданылады.Айналамызды бұл құрылғыларсыз елестете алмаймыз десек те болады.Аталмыш құрылғылардың мейілінше ақпарат алуға,байланыс жасауға пайдасы тигенімен,адамға және оның қоршаған ортасына әсер ететін зиянды жақтары да бар.
Біріншіден, электрондық құрылғыларды тиімсіз пайдаланудан энергия шығыны орын алуда. «Электронды құрылғылар талап етілгеннен де едәуір артық энергияны тұтынуда. Тиімдірек технологиялар 65% электроэнергиясын үнемдер еді. Жаһандық көлемде шығындарды азайтуға болады», - деген агенттіктің атқарушы директоры Мария ван дер Ховеннің сөзі менің ойыма дәлел.
Екіншіден,психологтар да,ақ халатты абзал жандар да электрондық құрылғылардың адам санасына, денсаулығына кері әсерін тигізетіндігін құптап жатыр.
Қорытындылай келе,егер бұл электрондық құрылғыларды тиімді пайдалана білсек,оның пайдасы зиянынан үстем болар еді.Мысалы,қазіргі таңда электронды оқу кітабы бар.Бұл құрылғы өте ыңғайлы деп ойлаймын.Әрине,мұндай құрылғылардың саны емес,сапасы мен пайдасының артуы біздің қолымызда.