2. Мәтінге ат қойып, идеясын анықтаңыз. Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр...

0 голосов
315 просмотров

2. Мәтінге ат қойып, идеясын анықтаңыз. Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттегенкеруен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. ЖібекЖолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті.Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды. Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай,Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынасорнады. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандаласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұнсекілді көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы»дейтін. Себебі бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандарсаудаға түсетін. Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елдімекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласыдамыды. Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көнеқала әлемдік туризм орталығына айналды. Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кеңкөлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әртүрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып,сауда қарым-қатынасын орнататын. ПЖ сделайте


Қазақ тiлi (12 баллов) | 315 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Аты-Ұлы Жібек Жолы.

Идеясы-Қазақстан жерінен қандай сауда жолдары өтетінін білу және түсіну

(45 баллов)