Менің досымның асыл қасиеті
Менің досымның есімі - Дастан. Екеуміз балабақшадан доспыз.
Менің досым - оқу озаты, мектепте үлгілі оқушы. Сыныптастарға, достарға көмекке келіп, қол ұшын беруге әрқашанда дайын тұрады. Досымның бойындағы асыл қасиеттерге келер болсақ, мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді.
Үйінде бауырларына қамқор, ата - анасына көмекші.
Өмірде осындай досым бар мен бақыттымын. Достығымыз мәңгілік болсын!