«Жеті атаның» өз атаулары бар. Төменнен жоғары қарай – бала, әке, ата, баба, арғы ата, түп ата, тек ата деп аталады. Ал жоғарыдан төмен қарай – әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. Ары қарай жүрежат, жекжат, жұрағат, қаймана деп кете береді. Қазақта туыстықтың шегі жоғарыдағы «жеті атамен» аяқталады. Мұның да өз жөн-жобалары бар. Жеті атаға толған соң «жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық» деп жар салып, жеті жұрттың белгілі адамдарын куәлікке арнап шақырады. Құдайыға боз бие сойылып, қанына қолдарын малып, «араларымыз алыстамасын, бұрынғы бауырлардай тату-бірлікте болайық» деп баталасады. Ала арқан кесіледі. Ұраны мен ен-таңбасы белгіленеді. Осылай «ендігі жерде құдалыққа жол ашық» делінеді. Алайда, қалай айтсақ та, қазақтың тарихи жады, санасы біржола жойылмай, қандасты, бауырластықты ұзағырақ сақтап ардақтайды, құрметтейді. Мен сіздерге нақты мысал айтайын. Біз былай тараламыз – Дулат, Шымыр, Бекболат, Шілменбет, Құли, Амалдық, Алдаберген, Баубек, Үсен, Әжі, Бақтияр, Әділ, Имаш, Момыш, Бауыржан, Бақытжан, Ержан. Дулат бабамнан Ержанға дейін он бір ата, білақ Құлилар әлі қыз алыспай бауыр-туыс болып жүр.
Толығырақ: https://massaget.kz/mangilik_el/shanyirak/salt-dastur/51810/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз