Ответ:
Сабырлылық адамға не үшін қажет?
Біз жер бетінде қанша адам болсақ, біздің ұлтымыз, түр түсіміз, тіліміз қандай әр түрлі болса, мінезіміз де бір бірімізге ұқсамайды. Тіпті, таң қаларлығы бір отбасындағы бір ата-анадан тәрбие алған балалардың мінезінің өзі әртүрлі. Олардың біреуі өте тез ашуланады, екіншісі байсалды, тау қозғалса да қозғалмайды, үшіншісі ұшқалалақ. Ал, егер жер бетіндегі барлық адамда да сабырлылық болса, ешқашан ұрыс-керіс, дау-жанжал, соғыс болмас еді. Бір адам екінші адамды қанша сөгіп тұрса да асығыстық жасамай, сабырлылықпен тыңдаса сұрақ әйтеуір бір шешімін табады, ал екеуі бір-біріне айқайлап, ұрыса бастаса, тек ренішпен тарасып, алдағы уақытта тіпті көріспеуге дейін барады.Бұл бірғана мысал. Негізінде сабыр түбі сары алтын деген мақал бекер айтылмаған. Сабырлылық адам бойындағы асыл қасиет.
Объяснение: