Наурыз мерекесі қай заманда да өте ерекше әрі маңызды мейрамдардың бірі.Наурыз-көнеден келе жатқан мейрам.Қазақ халқы бұл мейрамды Әз -Наурыз мейрамы деп атайды.Бұл күні бүкіл табиғатқа ,тіршілік иесіне ,өсімдік, жан-жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады деседі.Наурыз -күн мен түннің теңелген күні.Бұл күнді халық әр жыл сайын мереке , той -думан жасап өткізеді.Қаланың көшелерінде киіз үйлер қойылып, дастарқан жайылады.Дастарқанға әртүрлі қазақтың ұлттық тағамдары қойылады ет асылып бауырсақ пісіріледі.Бірақ дастарқанның басты асы--Наурыз көже,Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады.Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады деген сенім бар.Алаңға алтыбақан құрылады, ән шырқалып би биленеді.Қазақ халқының әртүрлі ойындары ойналады.Бұл мерекені халқымыз неліктен ,,Ұлыстың Ұлы күні ,,деп атайды екен ?Бұл жөнінде мынадай аңыз бар .Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтыпты.Жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады.Сол себепті ,бұл күнді Ұлыстың Ұлы күні -деп жариялады.Міне ,аңыз бойынша қазақша Жаңа жыл мерекесін Ұлыстың Ұлы күні деп атаймыз.