Біздің ауылымыздың жайлауларына не жетсін шіркін! Тау етегінде орналасқан ауасы таза, жері жасыл, суы мөлдір шырайлы өлкегой. Бұнда ауылымыздың жылқылары жыл сайын жайылымға шығарылады. Сол себепті жылқыларымыз ерекше әдемі, жүйрік әрі етті болып өседі. Осындай керемет қасиеттерге ие тұлпарларымызға қызығушылар саныда жетерлік. Бірі-бәйгеге қосқысы келсе, бірі-сатып алып, мал басын көбейтіп кәсіпорын ашқысы келеді т.б Бұнын бардығы өсірілген құнарлы жердің және бағып қаққан иесінің қүтімінің арқасы.