Ноутбук (ағылш. notebook — блокнот) – дербес компьютердің құрамы, пернетақта, монитор,қалталы компьютер және қуат көзінің батареясының ықшамдалған түрдегі жиынтығы. Ноутбуктардың басты ерекшеліктері жеңіл салмақтылығында және көлемінің ықшамдылығында. Жұмыс істеу уақыты бір сағат пен он бес сағат аралығына тең.
Көп жағдайларға ноутбуктарға форм – факторы жинама негізді келетін лэптоп түрлері жатады. Ноутбуктың тасымалы жиналған күйде орындалғандықтан, экранды, пернетақтаны және тачпад нысандарын қорғау мүмкіндігін береді. Ноутбуктын тағы мүмкіншіліктерінің бірі – оны қарапайым арнайы дорбада тасымалдауға болатындығында.
Тарихы
Өңдеу
1968 жылы «Xerox» фирмасының зерттеу лабjраториясының басшысы Алан Кей «блокнот» көлемімен тең келетін, желіге сым қолданбай қосылуға болатын, шағын экранмен жабдықталған және тасымалға жеңіл есептеуіш машинасын құру жайлы ұсыныс жасады.
1979 жылы NASA тапсырысымен, Вильям Могридж(Grid Systems компаниясының өкілі) алғашқы Grid Compass есімді ноутбукты жасап шығарды(жедел жадының көлемі 340 кБ, процессоры Intel 8086 жиілігі 8 мГц және экраны люминесцентналы). Аталмыш ноутбук Space Shuttle жобасында қолданылған.
Алғашқы азаматтық қолданысқа 1981 жылы Адам Осборнның 1795 АҚШ доллары тұратын ноутбугі қолданысқа еңді (салмағы 11 кг, жедел жады 64 кБ, 4 мГц жиілігі бар Zilog Z80A процессоры, 5,25 дюйімды екі диск салу құрылғысы бар, үш портты, 52 таңбадан 24 жол еңгізуге мүмкіндік беретін 8,75х6,6 см көлемді монохромды экран және 69 пернемен жабдықталған болатын). Алайда Osborne Vixen ноутбуктарының шығарылымы жайлы хабар оның құрастырылуына дейін айтылғандықтан (ал бұл хабар Osborne 1 ноутбуктарының сатылымына теріс әсерін тигізді), компания кедейленді.
1982 жылы Compaq фирмасы процессоры Intel 8080 IBM PC есімді ноутбукты қолданысқа еңгізді. 1983 жылы компьютерді өндіретін көптеген фирмаларда өздерінің ноутбуктарын жасауға тәжірибелері болған. 1984 жылы Apple фирмасы LCD дисплейді ноутбуктарын шығарды. 1986 жылы IBM процессоры Intel (салмағы 5,4 кг, диск салу кеңістіні 3,5 дюйм) болған ноутбугын 3500 АҚШ доллары бағасының көлемінде шығарды.