Күй - қазақ халқының ұлттық өнері, олар қуаныш пен қайғыны күй арқылы жеткізген. Күй –...

0 голосов
192 просмотров

Күй - қазақ халқының ұлттық өнері, олар қуаныш пен қайғыны күй арқылы жеткізген. Күй – қазақ халқының ең басты рухани байлығы. Күйді қазақтың екінші тілі десе де болады. Күй – махаббат, азаттықтың, еркіндіктің жаршысы. Құрманғазы Сағырбайұлы – күй атасы, қазақтың күйші, композиторы, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Ол Орал облысында туған. Құрманғазының алғашқы ұстазы – Ұзақ болған. Ұзақпен бірге ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген, өнер сайысына түскен. Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Одан кейін «Ақ бай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Адай», т. б. күйлерін шығарған. Күй анасы - Дина. Атақты күйші, композитор Дина Нүрпейісова да Орал облысы, Бекетай құмында, қарапайым шаруаның отбасында туған. Әкесі Кенже Динаны бала кезінен еркін өсірген. Ол 7-8 жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында ұстазы Құрманғазымен танысады. Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі. Олар: Ұзақ, Түркеш, Көкбала және т. б. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады. 1888 жылы Құрманғазы Динаға: «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз домбырасын ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады. Динаның кең тараған күйлері: «Әсем қоңыр», «Той бастар», «Жеңіс», «Ана бұйрығы», «Бұлбұл», т. б. (167 сөз)1. Мәтін не туралы?А) күй құдіретіВ) атақты күйшілерС) танымал күйлерD) барлық нұсқалар дұрыс [1] 2. Сөйлемді өз сөзіңізбен жалғастырыңыз. Ойды қорытындылаңыз.Күй - қазақ халқының ұлттық өнері. ____________________________________________


Қазақ тiлi (1.7k баллов) | 192 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

1.Д. 2. күй - ата бабамыздан қалған өлеңі, күй арқылы біз белгілі бір оқиғаны елестете аламыз. Ол- бізге қалған мұра. Өткен уақыттың айқын көрінісі. (если не трудно, сделай мой ответ лучшим, қиын болмаса, жауабымды лучший деші)

(142 баллов)