-Камила, тоқташы! Сәлем!
-Аа сен бе, Әдемі, ну привет!
Камила демей,Кама десең де болады қысқаша.
-Ренжіме ,толық атыңмен атамады деп,меніңше Камила деп атаған дұрыс сияқты.
-Ия, не керек өзіңе?Кетіп бара жатқан адамды тоқтатып...
-Жәй, мен мектепке қазақ тілі пәнінен факультатив сабаққа бара жатырмын, сен бармайтын ба едің?Апай өткенде бүгін қазақша диктант мәтін құрастыруды үйренеміз деген.
-Ой, скажешь тоже, мен итак білемін қазақша, одан да достарыммен қаланы аралап,қыдырып қайтсам ба деймін.
- Жарайды,өзің біл, бірақ кейін өкініп қалып жүрме. Меніңше, сабақтан қалмаған дұрыс.
- Ой, айтады екенсің сен де, сабақ-сабақ дейсің де жүресің.Мен сияқты модная болуды да білмейсің.
-Сенің модаң андағы жыртық-жыртық шалбарың ба? Өйтіп сән қуғанша, білімді болғаным жақсы.Қарапайым қыз болып та сәнді болуға болады емес пе?
- Оқудан жалықпайды екенсің! Қалайша зерікпейсің осы үнемі кітабыңды арқалап жүресің де қоясың!
- Камила, құрбым, саған кеңес берейін, оқу әлі ешкімге кедергі келтірген емес, керісінше "білімді мыңды жығады" деген сөз бар.
-Білеміз, итак күнде оқу деп кітаптан бас алмаған несі қызық?
- Меніңше, білімді болу-сәнді және босқа уақыт өткізгеннен оқу пайдалырақ. Жүр одан да екеуміз бірге факультативке барайық.
- Соған барғым келмей тұрғаны...
-Көп сөзді қой, жүр кеттік мектепке.