Абай «Жаз» Жаздыгүн шілде болғанда, Көгорай шалғын, бәйшешек Ұзарып өсіп толғанда,...

0 голосов
204 просмотров

Абай «Жаз» Жаздыгүн шілде болғанда, Көгорай шалғын, бәйшешек Ұзарып өсіп толғанда, Күркіреп жатқан өзенге Көшіп ауыл қонғанда. Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны қылтылдап, Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып, ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап, Құйрығымен шылпылдап, Арасында құлын-тай Айнала шауып бұлтылдап, Жоғары-төмен үйрек, қаз Ұшып тұрса сымпылдап. Қыз-келіншек үй тігер, Бұрала басып былқылдап, Ақ білегін сыбанып, Әзілдесіп сыңқылдап. Сабадан қымыз құйдырып, Ортасына қойдырып Жасы үлкендер бір бөлек Әзілдесіп сылқылдап. Көлеңке қылып басына, Кілем төсеп астына, Салтанатты байлардың Самаурыны бұрқылдап. Мылтық атқан, құс салған. Жас бозбала бір бөлек Су жағалап қутыңдап. 1. Мәтіннен жаз мезгілінің сипатын білдіретін 3 тірек сөзді жылқының аяқтарына жазыңыз. Өлеңдегі негізгі ойды жылқының денесіне жазыңыз.


Қазақ тiлi (251 баллов) | 204 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Аяқтарына:көгорай,шалғын,бәйшешек,көшіп ауыл,үйрек-қаз ұшып тұрса,көлеңке қылып

Негізгі ой: жаз мезгілінің шаруаға қолайлы екені, мал шөпке тойып бүйірі шығады, адамдар саумал ішіп қыстан мал- басының аман шыққанына қуанып, бастары қосылады

(7.0k баллов)
0

Точно эти ключевые слова

0

??