Кітап - алтын қазына. Кітап алтын сандық: іші толған қазына, құт, оқы, оқы, ойыңа тұт. Кітап - білім бұлағы, Білім - өнер шырағы. Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім. Кітап көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан. Кітап - қаймақ, білім - оймақ. Кітап - оқығандікі, білім тоқығандікі. Күш – білімде, білім – кітапта. Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол.