Ұшқыш Т. БЕГЕЛЬДИНОВТІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫНА ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕ ҚҰРЫҢДАР. ​

0 голосов
380 просмотров

Ұшқыш Т. БЕГЕЛЬДИНОВТІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫНА ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕ ҚҰРЫҢДАР. ​


image

Қазақ тiлi (40 баллов) | 380 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Ответ:

Талғат Бигелдиновтың еңбек жолына хронологиялық кесте.

1938 жылы - Фрунзе қаласында орналасқан аэроклубқа оқуға түседі.

1940 жылы - Балаш әскери авиациялық мектебіне оқуға аттанады.

1942 жылы - Орынбор қаласындағы Чкалов әскери авиациялық ұшқыштар мектебін бітіреді.

1943 жылдың қаңтар айынан соғыса бастайды. «Ил-2» штурмовигімен әскери мақсатпен 305 ұшу жасайды.

1944 жылдың 26 қазанында 22 жасар лейтенант Бигелдинов Знаменка, Кировоград қалаларын босату кезіндегі көрсетілген ерлігі мен әскери шеберлігі үшін әрі 4 атып түсірілген жау ұшағы үшін оған Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді.

1945 жылдың 27 маусымыда Талғат Бигелдинов екінші рет Кеңес Одағының Батыры болып атанды. Бұл жолы ол эскадрильяны шебер басқару мен Краков, Оппельн (қазіргі кездегі Ополе), Катовице, Бреслау (қазіргі кездегі Вроцлав), Берлин қалалары үшін шайқастардағы көрсетілген әскери ерлігі үшін өз атағын алды.

1945 жылдың маусымында Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен Жеңіс Шеруіне қатысқан.

1970 жылға дейін азаматтық авиацияда жұмыс істеді. Ол Мәскеу құрылыс-инженерлік институтын бітіріп, Қазақ КСР Мемлекеттік құрылыс комитетінің жүйесінде басшылық лауызымдарда қызмет етті.

(22.8k баллов)