Қазақ халқы әнді өте жақсы көреді.Сондықтан да болар халық әндерді көп шығарған. Кең далада қой бағып жүріп те, таулы жерде құс салып жүріп те, тойлар мен мерекелерде түрлі әндер салған.Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев "өлеңмен жер қойнына кірер денең" деп адамды соңғы сапарға шығарып саларда жоқтау айтылатынын ескертеді. Абай да әнді жақсы көрген,өзі шығарған."Әннің де естісі бар,есері бар " деп айтқан Абай,кейбір әндердің құлаққа жағымсыз әсер ететінін айтады.
Әндер де тарихпен байланысты, халық өмірінен көрініс береді.
Халық әндерін алайықшы. "Елім-ай" әнін алсаңыз, халық басына күн туған қиын-қыстау заманда туған мұңды,зарлы ән. Махаббат тақырыбындағы "Дайдидау" әні ше? .Қыздарды қалың малға сатқан, әлеуметтік теңсіздік орнап тұрған замандағы сүйіктісне қосыла алмаған жас жігіттің зары сияқты. "Шынымен менен ,достым,қалғаның ба?Қайғыға көңілімді салғаның ба?" -дейді. Келесі бір ән "16қыз" деп аталады.Бұл әнді білмейтін адам жоқ шығар. Әнде орысша "генадушка-гнедушка,гнедой жылқы түсіне қатысты", "молодушка","немножка" деген сөздер бар.Соған қарағанда Ресеймен қарым-қатынас орнағаннан кейін шыққан ән деп жобалауға болады. Бұл ән көңілді, ойнақы,әзіл ән. Автор да халықтың көңіл күйін көтеруге тырысқан сияқты. Тағы да сондай көңілді әзіл ән "Құдаша" .Бұл ән құда баланың құдашаға арнаған әзіл әні. "Келші бермен,келші бермен ,құдаша!Көңіліңе бір сөз айтам ұнаса"-деп құда бала құдашасына ойын жұмбақтап айтады. Көпшіліктің көңілін көтеруге арналған көңілді ән. Міне, халық әндері түрі,көңіл-күйі, шығу тарихы,тақырыбы жағынан сан алуан.