Пожалуйста пожалуйста

0 голосов
37 просмотров

Пожалуйста пожалуйста


image

Қазақ тiлi (144 баллов) | 37 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Алакеуім, алагөбе, алаң-елең, алаң-ғұлаң – тәңертеңгі мезгілде айнала әлі жарықтанбай, сәл ғана бозғылт тартқан кезі.

2. Құлан иек, құлан сәрі – таң жаңа сыз беріп ата бестаған кез.

3. Таңсәрі – жерге жарық түсе бастаған кез.

Күн көкжиектен көтерілгеннен кейінгі мезгіл атаулары:

1. Сиыр сәске – күн арқан бойы көтерілген кез.

2. Сәске түс – түске жақындаған сезгіл, сағат 12 шамасы.

3. Ұлы сәске – тал түске жақындаған мезгіл.

Күннің орта мезгіліндегі атаулар:

1. Тал (талға, тапа-тал) түс – күннің қатты ысыған кезі, сағат бір шамасы.

Күн еңкейген кездегі мезгіл атаулары:

1. Ұлы бесін – бесін намазын оқитын кез, түс ауған шақ.

2. Кіші бесін – ұлы бесін мен намаздыгер арасындағы мезгіл.

3. Құлама бесін – күн еңкейген кез.

4. Екінті – түс ауып, күн батуға жақындаған мезгіл, бесін мен ақшам арасы.

5. Намаздыгер – күн еңкейіп ұясына кіруге таяған кез.

Күн ұясына бата бастаған кездегі мезгіл атаулары: бұл мезгілді "ақшам, ымырт" деп атайды, оның мынадай атаулары бар:

1. Алакеуім – күн алакөлеңке, ұясына бата бастаған мезгіл.

2. Геуім, кеуім – қараңғы түсе бастаған кез, ымырт.

3. Намзшам – кешкі намаз оқылатын кез.

4. Кеш – ымырт жабылып, қас қарайған кез.

Түн мезгілінің атаулары:

1. Түн – тәуліктің кештен тәңертеңгі уақытқа дейінгі аралығы.

2. Іңір – күн батып, қас қарайған мезгіл.

3. Қызыл іңір – қас қарайып, түн болған кез.

4. Жарым түн – түннің ортасы.

(24 баллов)
0

Рахмет коп коп