Қазақстан — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан — ең үлкені. Елдің астанасы — Нұр-Сұлтан қаласы. Мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Ресми тілі — орыс тілі болып саналады .Қазақстанда 130 дан астам ұлт өкілі бар . Олар бір бірімен тату-тәтті , бейбіт өмір сүреді .
Қазақстан керемет ел!!!!