Мен-мәңгілік елдің ұланы
Мен-Қазақстан азаматымын. Менің Отаным-Қазақстан,осында тұрамын. Қазақстанды қазақтар "Атамекен", "Атақоныс" деп атаған.Қазақтың дәстүрін жақсы білемін. Қазіргі Қазақстан шартарапқа даңқы жайылған,әлем танитын тәуелсіз мемлекет. Ырыстың ұясы болып отырған елімді 130дан астам ұлт өкілдері мекендейді. Мен Отанымды мақтан етемін. Сабақты жақсы оқып, білім алып мәңгілік елімнің өркениетті бола беруіне өз үлесімді қосамын.