Шайтанкөл Қарағанды облысы Қарқаралы тауларында орналасқан.
Шайтанкөл көлі Бұғылы тауында, гранитті жартас пен қарағай орманы қоршаған 1200 м биіктігінде орналасқан. Ұшар таудың басында тостағанға құйған судай болып жарқырап жататын айдын көл ағынсыз.Көл суы бұрын сөндірілген жанартаудың өзегіне қатты ұқсайды. Эзотериктердің пайымдауынша, көлдің түбінде бізге параллельді әлемнің порталы бар деп есептейді.