Қазақ тілі көмектесініздерші өтінемің пж пж пж срочно өтіп кетпеніздерші.Мәтіннің тыныс...

0 голосов
83 просмотров

Қазақ тілі көмектесініздерші өтінемің пж пж пж срочно өтіп кетпеніздерші.Мәтіннің тыныс белгілерін қойып ойды аяқтау керек ​


image

Қазақ тiлi (78 баллов) | 83 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Әлгі алғың келген зат ондай ұзақ мерзімді күтіп тұрмайтын сияқты. Сен жедел арада қажет қаржыны тапқың келеді де:не қарыз аласың , не біреулердің алдап-арбауына түсіп , онан әрі қиыншылыққа ұрынасың. Қазақта <Сабыр түбі-сары алтын> деген сөз бар ғой . Сабыр қылып, ақылмен ойласа, ондайға ұрынбас еді.

- Тоқта.Мен осы қиыншылықтарды болдырмай,тамаша, рахат өмір сыйлай салайын деп, тұрмын емес пе?!.

- Әй Ержан-ай, онда адамдар өмірдің мәнін тегі түсінбейді емес пе?! Ал, өмірдің мәнінің өзі оның сынақтары мен ғажаптарын, сен күтпеген сәттері мен өзіңнің қам-қарекетіңнің дұрыстығын немесе бұрыстығын көріп ,қатеңді түзеткенің, барлығын көріп рахаттануда деп ойлаймын.

- Туу, сен менің әп-әдемі ойымды быт-шыт қылдың-ау. Ал өзің сыйқыршы болсаң не істер едің?

- Мен оны мақсат етпеймін. Осы өмірім - нағыз ғажайып. Анам мен әкем, бауырларым бәрі мені жақсы көреді. Мен сенімен доспын. Болашақта қандай болатынымызды асыға күтем, оған көп уақыт бар. Ал сендер не ойлайсыңдар, балалар?

Менің ойымша , әр нәрсе өз орнымен , уақытымен болуы тиіс. Жақсылық болсын, жамандық не қуаныш болсын, қайғы болсын . Барлығының өз кезегі бар. Әркім өз тағдырына риза болғаны жөн. Өмірің қызықсыз болуы мүмкін емес, себебі, өмір ақ пен қарадан тұрмаса ,сен бұл өмірге келмес едің. Өмір өз қызығы мен шыжығымен қызық.

(72 баллов)
0

Рахмет көп көп

0

оқасы жоқ