Ушакты сипаттап, мятин курастыр?

0 голосов
51 просмотров

Ушакты сипаттап, мятин курастыр?


Қазақ тiлi (15 баллов) | 51 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Ответ:

Ұшақты сипаттау.

Ұшақ - көгілдір аспан көлігі. Бүгінгі күні ұшақтың бірнеше түрлері бар: алыс қашықтыққа ұшатын, жақын қашықтыққа ұшатын, жолаушылар ұшағы, әскери ұшақ, жүк тасымалдайтын ұшақ т.б.

Ұшақтың басқа көлік түрлерінен айырмашылығы мен артықшылығы - бір жерден екінші жерге өте тез уақыт ішінде жеткізу.

Қазіргі кезде ұшақтар соңғы заманауи техникамен жабдықталып, тіпті адамның басқаруынсыз ұша алады. Дегенмен, бұл құрылғы автоматтандырылған болғандықтан техникада ойламаған ақаулар болуы мүмкін, сондықтан ұшақты ұшқыштармен қатар жерден арнайы білімі бар адамдар қадағалап отырады.

Ұшақты өзіне келер болсақ, ұшақ кімге де болса, құсты елестететіні анық. Ұшақтың ұзын екі қанаты болады. Жалпы ұшақтың құрылысы ұшып - қонуға ыңғайлы, әрі қауіпсіз болып жасалады. Ұшақ қажетті биіктігін алғаннан кейін оның шассилері жиналып, қонар кезде қайта шығарылады.

Ұшақтың іші жолаушыларға ыңғайлы етіп жасалады. Орындықтары жұмсақ, аяққа қажетті жеткілікті орын, дәретхана, теледидар (алыс қашықтыққа ұшатын ұшақтарда), қауіпсіздік белдіктері т.б. болады.

Мен ұшаққа алғаш рет Түркияға барғанымда мінген болатынмын. Ұшақпен саяхаттау бейне бір тылсымға толы болып көрінеді. Болашақта мен де ұшқыш болуды армандаймын.

(22.8k баллов)