Әрбір мемлекеттің болашағы ол жастардың қолында. Болашақта ел тізгінін ұстайтын азаматтар – бүгінгі жастар. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы -білімді ұрпақ қолында» дегені жарқын істерге апарар жолды меңзеп тұрғандай. Расында, бүгінгі жас – ертеңгі елдің тірегі, келешектін келбет емес пе? Сол себепті олардың білімді, алғыр, бәсекеге қабілетті болып өсуі ел дамуындағы аса маңызды фактор.