Помогите пожалуйста! Диалог по Казахскому языку ** тему: Адамға саяхат пайдалы...

0 голосов
74 просмотров

Помогите пожалуйста! Диалог по Казахскому языку на тему: Адамға саяхат пайдалы ма?Нелiктен?


Қазақ тiлi (32 баллов) | 74 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Ответ:

Тау-тасты аралап жүріп, қолында қағаз қаламы бар бір кісіні көрдім.Бұл жақтың адамы емес екені көрініп тұр.

-Қайырлы күн,-деп орысша амандасқаным сол еді,күлімсіреп менімен сыпайы амандасты.

-Кешіріңіз,қайдан келгеніңізді білуге бола ма?

-Әрине. Мен Украинаның Житомир қаласынан келдім.

- Қазақстанға келуіңізге не себеп болды?

-Мен саяхатшымын.Қазақстан табиғаты жайлы білсем деймін.Жалпы саяхат жасағанды ұнатамын.

-Сізге саяхаттың берері бар ма?

-Саяхаттың берері сол,жақсы демаласың,табиғатпен бірге тынығасың.Өзіңнің табиғатпен егіз екеніңді сезінесің.

-Сонда саяхат пайдалы дегіңіз келеді ме?

-Әрине,пайдалы. Өзіңе таныс емес дүниені көзбен көріп,қолмен ұстағанға не жетсін!Мысалы, мен Көкшетаудың табиғатынан Украинаның табиғатына ұқсастық байқап тұрғандаймын. Мына қарағайлы ормандар туған жерімді есіме салғандай.

-Сіз саяхаттың пайдалы жағын айтып жатыр едіңіз...

-Иә, әрине жаяу саяхат денсаулығыңды нығайтады. Таза ауада сергек жүресің. Тылсым табиғат туралы кітаптан таба алмаған жауаптарыңды табиғвт-Ана өзі-ақ жайып салады. Ой-өрісің кеңейеді. Әр қадамың жаңалыққа толы.

-Сіз нағыз саяхатшы екенсіз. Мен саяхатшылар теңізде болады ғой деп ойлаушы едім.

-Саяхаттағысы келген адамға теңізі не, құрлығы не бәрібір,тек жүрегіңнің қалауы біледі,сосын саяхатқа дайындығың біледі.

-Осы саяхат Сізге пайдалы болды ма?

-Әрине, біріншіден,өзіңіз сияқты қонақжай халықты көрдім,екіншіден, Қазақстан деп аталатын ұлы елдің табиғатын, тау-тасын аралауға мүмкіндік алдым, оны ғылыми еңбектерімде пайдаланбақпын.

Объяснение:

(7.0k баллов)
0

БОЛЬШОЙ БОЛЬШОЙ РАКМЕТ

0

Не стоит благодарности!Удачи!