Ответ:
Объяснение:
-Сəлем, Арман!
-Сəлем, Гүлнұр!
-Арман, сен Ұлы Отан соғысына қатысқан ұлы қаһармандарымызды білесің бе?
-Əрине. Бауыржан Момышұлы, Əлия Молдағұлова, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Маметова, Төлеген Тоқтаров, Талғат Бегелдин, Сұлтан Баймағанбетов жəне т.б. Олардың саны да ерліктері де шексіз.
Мысалы, Б.Момышұлы атамыздың жасаған батырлығын айтып бере аласың ба?
-Ол 207 рет соғысқа қатысып, аға лейтенант, ал кейін командир атағын алған. Сонымен қатар, өзінің ұшқыр ойы арқылы солдаттарымызды жау қолынан шығара алған.Бұл кісінің лақап атын білесің бе?
-Қателеспесем, халық оны "шаң тимес" деп атаған. Менің ойымша, бұл Б.Момышұлының жылдамдығы мен ақылдылығына байланысты қойылған.
Сен оның көптеген медаль алғанын естіген шығарсың?
-Иə, ең жоғары даңққа ие медаль - "Кеңес Одағының батыры" жүлдесі. Оны Б.Момышұлымен қатар Нұркен Əбдіров, Мəлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров,Əлия Молдағұлова, Тоқтар Əубəкіров жəне тағы да басқа батырлар иеленген.Арман, қалай ойлайсың, соғысқа қатысқан батырлардың ерлігі əрқашан ел есінде сақтала ма?
-Əрине,Гүлнұр. Олар бізге бақытты əрі тәуелсіз ел сыйлады. Көк аспанда қауіп-қатерсіз өмір сүруіміз де осы кісілердің арқасында. "Ер есімі - ел есінде" демекші, батырларымыздың есімін ұмытпай, есте сақтау оларға деген үлкен құрметтің белгісі. Олар нағыз ерлік пен елжандылықтың айнасы.