Составьте диалог по этому тексту 10 вопросов и 10 ответов!!! Заранее благодарю) Қазақтың...

0 голосов
82 просмотров

Составьте диалог по этому тексту 10 вопросов и 10 ответов!!! Заранее благодарю) Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры 1925 жылдың соңында сол кездегі астана Қызылордада ұйымдастырылды. Театр шымылдығы ресми түрде 1926 жылы 10 қаңтарда Қ.Кемеңгеровтің «Алтын сақина» қойылымымен ашылып, 13 қаңтарда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясы қойылды. 1926 жылы 5 қазанда театр басшысы болып Ж. Шанин сайланды. 1929 жылы театр труппасы жаңа астана Алматы қаласына қоныс аударды. Бұл кезде театрда танымал шеберлер Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Бадыров, Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, Ә.Қашаубаев, И.Байзақов, Қ.Мұңайтпасов,т.б. қызмет атқарды. 1930 жылдардың 1-жартысында театрға К.Байсейітова, Қ.Байсейітов, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ш.Жиенқұлова, К.Қармысов, Ш.Айманов, С.Майқанова, Р.Қойшыбаева, Х.Елебекова т.б. келіп, театр сахнасында күрделі драмалық шығармалар қойыла бастады. 1934 жылы театрдан музыкалық театр бөлініп шықты. 1937 жылы театр академиялық атағы берілді. Театр репертуары М.Әуезов, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқановтардың тарихи шығармалары, орыс және шетел классикасымен толықты. 1946 жылы 20 жылдық мерейтойында театр Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1961 жылы театрға көрнекті жазушы-драматург М.Әуезов есімі берілді. Жазушы пьесалары мен басқа да шығармалары тұрақты түрде театр сахналарында әлі күнге дейін қойылады.


Қазақ тiлi (20 баллов) | 82 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

-сәлем!

-сәлем!

-қай жылда Астана Қызылордада театр ұйымдастырылған?

-Ия, әрине білем 1925 жылда.

-Жарайсың,ал 1929 жылы қай жерде театр қойлды?

-Астана Алматы қаласында болған.

-Әуезовтің трагедиясі "Еңілік-кебек" деген қай жылда қойлған?

-1926 жылында.

-Қай айда болған?

-13 қантарда болған.

Ал 1934 қандай театр шықан?

-Музыкалық театр шықты.

-Ал,1937 театрге қандай атағы берді?

-академиялық атағы берілді.

-1946 жылы қандай мейрам болды?

-20 жылдық боған.

Ал 1961 жылда театрға не берген?

-жазушы-драматург есімі берілді.

-1930 жылдардың 1-жартысында театрға  келіп, театр сахнасында күрделі драмалық шығармалар қойыла бастады.Олар кім болды?

-олар К.Байсейітова, Қ.Байсейітов, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ш.Жиенқұлова, К.Қармысов, Ш.Айманов, С.Майқанова, Р.Қойшыбаева, Х.Елебекова келді.

-жарайсың, бәріне дұрыс жауап бердің, сау бол!

-Сау бол!

(18 баллов)