Ответ:
Балғынбек Имашев — 1977 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы Жоламан ауылында дүниеге келген. 1990 жылдан бастап аудандық, облыстық, республикалық ақындар айтысына қатыса бастайды. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің «Әдеби аударма» бөлімін, «әдебиеттану» мамандығы бойынша магистратурасын тәмәмдаған. Еңбек жолын 1998 жылы Республикалық Қазақ Радиосында редактор-стилист қызметінен бастайды. 2000 жылы Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлық институтында Филология кафедрасының оқытушысы, 2001 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істейді. 2006 жылы академик Р.Нұрғалидің жетекшілігімен «Айтыстағы сатира мен юмор» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. 2007 жылы Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасының доценті қызметтерін атқарады. 2009 жылдың тамыз айынан бері «ЭРА -7 арна» ЖШС Дубляж департаментінің редакторы. Белгілі айтыс ақыны.