Тапсырма Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер. Қазіргі айтыстардың тақырыптары алуан...

0 голосов
103 просмотров

Тапсырма Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер. Қазіргі айтыстардың тақырыптары алуан түрлі. Сондықтан ақын айтысқа түсу үшін көп іздененеді. Материал жинайды. Сол уақыттың жақсы-жаман жаңалықтарын меңгереді, ой түйеді. Айтыскер ақын өз жа елінің, туған жерінің тарихын, географиялық және этнографиялық ерекшеліктерін, атақты адамдарын, салт-дәстүрін білуі тиіс. Өзімен айтысатын ақынның кемшіліктерін, ұнамсыз мінезін білгені тиімді болады. Оны қарсыласына қарсы қолданған. Майталман айтыскерге қойылатын талап бұрынғыдан күшеймесе, азайған жоқ. Себебі ақындардың сөзі қашан да халықтың сөзі болған. Ринат Зайытов, Дәулеткерей Кәпұлы, Айбек Қалиев сынды ақындар әлеуметтік мәселелерді көтеріп, көрермендердің ықылас-ілтипатына бөленіп жүр. Қазіргі кезде қазақтың айтыс өнері өте жақсы дамыған. Елімізде жақсы айтыс мектебі бар. Оның дәлелі ретінде айтыс мектебінің өкілдері - Аманжол Әлтаев, Айнұр Тұрсынбаева, Рүстем Қайыртайұлы, ы, Сара Тоқтамысқызы, Балғынбек Имашев, Бекарыс Шойбеков және т. б. өнерлі, ділмар айтыскер ақындарды атауға болады. Қазіргі кезде ақындар айтысы, қыз бен жігіт айтысы жиі болады. 1. Айтыскер ақын болу үшін қандай болу керек? 2. Айтысқа түсетін ақын қалай дайындалады? 3. Қандай айтыскер ақындарды білесің?


Қазақ тiлi (80 баллов) | 103 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

1.айтыскер ақын болу үшін суырыпсалма,әрі шыншыл болу керек.

2.Менің ойымша,айтысқа түсетін ақын тақырыпқа байланысты мәліметтерді оқып,өлең шығарып дайындалады.

3.Мен Ринат Зайытов,Дидар Қамиев,Сара Тоқтамысова,Айнұр Тұрсынбаева,Балғынбек Имашев,Дәулеткерей Әлімұлы.т.б айтыскерлерді білемін.

(143 баллов)