Сабақтың барысы: Қысқаша конспект1990ж басында республиканың экономикалық жағдайы...

0 голосов
84 просмотров

Сабақтың барысы: Қысқаша конспект1990ж басында республиканың экономикалық жағдайы нашарлап,мемлекеттік еңбекпен қамту мекемелеріне 70,5 мың жұмыссыз адам тіркелді. Азаматтардың еңбек жағдайы қиын қалде еді.Әсіресе өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы өндірісіндегі ахуал сын көтермеді.Материядық игілік өндіру саласындағы және тау –кен, металлургия,химия өнеркәсібіндегі енбек жағдайы санитарлық нормаларға сәйкес келмеді.1991-1995ж-экономика салаларындағы жалпы еңбекпен қамтамасыз етілгендердің жылдық көрсеткіші 3,7% төмендеді.Ақшаның құнсыздануы халықтың жағдайын нашарлатты.Осындай дағдарысты кезеңде мемлекет ҚР-ы тұрғындарының әлеуметтік жағынан қолдау шараларын іздестіріп нақты бағдарламаларын ұсынды.Қалыптасқан экономикалық,демографиялық мәселелерді ескеріп,зейнетақы жүйесін жүйесін реформалау туралы шешім қабылдады.1997ж наурыз айында Үкімет «Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін реформалау туралы тұжырымдаманы» бекітіп,1997ж 20 маусымында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заң қабылданды.Дағдарысты жағдайдан алып шығатын Үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саладағы ауқымды шараларының бірі-шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау саясаты еді.Әркімнің сауда жасауға,тапқан табысын жинақтауға,немесе өз қалауымен жұмсауға мүмкіндік берді.90-жылдардағы елдің демографиялық дамуының ерекшелігі халықтың абсолюттік санының өзгеруі болды.Нарыққа өту, өмір сүру деңгейінің төмендеуі,жұмыссыздықтың өсуі,экологиялық мәселелер халықтың денсаулығына және демографиялық жағдайына кері әсер етті.Халықтың табиғи өсуі,бала туу көрсеткіші төмендеді,өзге ұлт өкілдерінің республикадан көшіп кетуі ұлғайды.Негізгі миграциялық ағын ТМД елдеріне бағытталды.1993ж-1999жылға дейін Қазақстаннан ТМД елдеріне1524,0 мың адам көшті.Ресей көшіп барушылардың ошағына айналды.Кеткен этностар-украйындар,белорустар,корейлер еді.1991ж еліміз тәуелсіздігін алысымен демографиялық жаңа құбылыс орын алды.Монголия,Иран,Түркиядан қазақтар атажұртына орала бастады.1999жылғы санақ бойынша Қазақстандағы тұрғындардың саны 14 953 126 адамды құрады.2000ж-дан бастап Қазақстаннан қоныс аударатындар саны жыл сайын азайып,қайта оралатындардың саны өсе түсті.Елімізге негізгі оралатындардың көбін қазақтар болды.Егер 1999ж 9,5мың қазақ келген болса,2004ж-48мың,2005ж 57850 қазақ келген, 2009ж-ы Ұлттық халық санағының қортындысы бойынша халқ саны 16 009,6 мың адамды құрады.2012ж мәлімет бойынша қазақтардың саны10 764 мың болып,республика тұрғындарының 65,1 % құрады.2017ж-ы Қазақстан халқының жалпы саны 18 074,1мың адамға жетті. Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар: Кесте толтыру Кесте толтыруБалалар! Төменде берілген тапсырмаларды орындаңдар. 1-тапсырма. Қазақстанның демографиясын кезендермен қарастыру тапсырмасын орындаңдар. ЖылдарЖалпы демографиялық жағдайДемографиялық өзгерістердің себептеріДемографиялық өзгерістердің салдарыДемографиялық жағдайдың мемлекетке әсері 1900-1940 жж 1940-1960 жж 1960-2000 жж 2000 ж. бүгінге күнге дейін 3-тапсырма. Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық жағдайы өзгеруінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаңдар. артықшылықтарыкемшіліктері


История (12 баллов) | 84 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

Комек

Объяснение:

(20 баллов)