Ответ:
Тілдер күнін Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдері мен ұлыстар әр жыл сайын тұрақты түрде тойлап келеді. Қазақстанда 100-ден асатын ұлттардың біразында өз тілдерін оқытатын мектептері бар және оларды мәдени-рухани қолдау бағытында Қазақстан халқы Ассамблеясы аянбай еңбек етіп жүр.
Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-де «Қазақстан - ортақ үйіміз» тақырыбына мемлекеттік тілде эссе жазудан байқау өтті. Өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы тіліміздің дәрежесін көтеруге бағытталған іс-шараны алғаш рет ұйымдастырып отыр. Байқауға қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдері: Тараз қаласындағы Политехникалық, Болашақ, Медициналық, «Аспара», «Парасат» колледждерінің білімгерлері және мектеп оқушыларын қосқанда, барлығы 32 жас қатысты. Сайыс шарты бойынша, жасөспірімдер қосымша құралдардың көмегінсіз 1 сағат ішінде тақырыпты ашып, қағаз бетіне ойын анық жеткізуі тиіс еді.
Ал олардың шығармаларына қала мектептерінен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің тәжірибелі мұғалімдері әділ-қазылық етті.