Жануарлар мен жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктердің жыныс жасушаларының дамуы мен ұрықтануында көптеген ортақ қасиеттермен бірге айырмашылықтар да бар. Аналық жыныс жасушалары түйінде дамиды. Оның ішінде тұқым бүршігі орналасқан. Бұл тұқым бүршігіндегі пісіп-жетілген жұмыртқа жасушасы мейоз жолымен екі рет бөлініп, гаплоидті жиынтығы бар тқрт жасуша пайда болады. Гүлді өсімдіктер ұрық түзбейтін болса, қоректік заттар синтездеуге энергия жұмсамайды. Бұл үдеріс өсімдіктерге нәруыздар, майлар мен көмірсуларды үнемдеуге мүмкіндік берді.