Ответ:
— Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында игі шараны бастап жатырмыз. Отан қорғау үшін жанын аямаған бүгінгі ардагерлерге қанша құрмет жасасақ та артықшылық етпейді. Себебі, бүгінгі жас ұрпақтың бақытты өмір сүруі қазыналы қарттарымыздың қажырлы еңбегінің арқасы деп білеміз,- дейді орталық жетекшісінің орынбасары Мөлдір Асқарқызы. Акцияның алғашқы күні құрамында Арқалық медицина колледжінің шәкірттері бар ерікті жастар тобы Родина ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Қойшыбай Құсбековтың шаңырағында болды. Жастар қарияның ауласын қардан тазартып, үй шаруасына жәрдемдесті.