Қарасүйектер тобына кім жатты?

0 голосов
306 просмотров

Қарасүйектер тобына кім жатты?


История (654k баллов) | 306 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ақсүйек — қоғамдағы әлеуметтік топ. Дәстүр бойынша “қара халыққа” үстемдік етуші таңдаулы әулеттердің өкілдері Ақсүйек саналған.

Ақсүйектердің бұқарадан бөлек айрықша құқықтары мен артықшылықтары болған. Мемлекеттік билік Ақсүйектер қолына берілген. Өркениет жемісін де солар пайдаланған. Қазақтар “текті”, “бекзат”, “бек” лауазымын иеленген кісілерді асыл Ақсүйек деп құрмет тұтқан. Қазақ тарихында Шыңғыс ханның ұрпақтары — хан, сұлтандар Ақсүйек саналып келді. Олар төре аталып, халықтың ерекше ілтипатына бөленді. Патшалық Ресей өкіметі Ақсүйектердің ықпалын шектеді, ал Кеңестік дәуірде Ақсүйек әулетінің өкілдері саяси қуғынға ұшырап, жапа шекті. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы Ақсүйек ұғымы әлеуметтану ғылымындағы “аристократия”, “элита” ұғымдарына жақын келеді. [1]

Ақсүйектер — Аристократ сөзінің қазақы мағынада айтылуы. Қазақта "сүйек" адам тегінің асыл, не қарапайым болуының символ сөзі ретінде қолданылған. Әдетте тегің кім дегенді кейде "сүйегің қайсы ел" деп те айтатыны бар. Қазақтың дәстүрлі сөздерінде "ақсүйек", "қарасүйек", "сарсүйек" деген сөздер кездеседі. Қара сүйек бұл қарапайым адамдар. Сары сүйек деген бұл құдандалы байланысты көрсетеді. Ал, Ақсүйек деген арғы атасынан қаракөктің тұқымы дегенді білдіреді. Қазақта Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тараған Төрелер сондай Ақсүйектер ретінде Қазақ хандығы кезінде елді билеу құқын өз қолына алған болатын. Ақсүйектер қара қазақпен араласуда белгілі шек қойды. Мысалы өздерін пайғамбардан тарататын Сейіттер әулеті әртүрлі әлеуметтік жіктерден қыз алғанымен, өз қыздарын басқаларға бере бермеген.[2] Өйткені сейіт қызынан туған бала, ата-тегіне қарамай, Мұхаммед пайғамбар әулеті сейіттердің барлық құқығы мен артықшылығына ие болып отырған. Сейіт болу қурметі қымбат бағаланғаны, олардың өз қатарына өзгені жолатпауға тырысқаны соңшалық, XVIII-XIX ғ. тіпті Шыңғыс туқымына жатпайтын Түркістан билеушілерінің кейбірі өз үрпақтарының дәрежелері мен құрметті теңеулеріне «сейіт» деген жоғары атақты қосу үшін Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар әулетінен зорлықпен қыз алып отырған деп жазады тарихшы Т.И.Султанов.

Қожалар кейбір жорамал бойынша, Мұхаммед пайғамбардың ең жақын серіктері, төрт әулие халифтің (Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли) оның Мухаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың қызы Фатимадантуған балаларынан басқа) ұрпақтары деп саналатын адамдарға берілген. Тағы бір болжамда олар ортаазиялық қосөзен Әмудария мен Сырдария аралығы (Мәуереннахр) мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алған (VIII ғасыр) алғашқы арабтардың ұрпағы деп аталады (толығырақ қ. Қожа; Сейіт) . Әлеуметтік пирамиданың үстіңгі қабаттарына шығып, әртүрлі артықшылықтармен пайдаланған. Сонымен, қазақ қоғамының жоғары әлеуметтік жігі болған Шыңғысхан нәсіліне жататын төрелер, оның ішінде хан, сұлтандардың араб нәсілді сейіттер мен қожалардың сауатты білімді болғаны олардың арасында оқымысты адамдардың көп шыққаны жазба деректерден, ауызша тараған әпсаналардан айқын байқалады.

(152 баллов)