Білікті бірді жығар,білімді мыңды жығар эссе​

0 голосов
820 просмотров

Білікті бірді жығар,білімді мыңды жығар эссе​


Қазақ тiлi (27 баллов) | 820 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Ответ:Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

Білім - ешқашан жойылмайтын инвестиция. Оған салған барлық қаржы он, тіпті жүз есе болып қайтады. Қазіргі дамыған заманда жастар білімді болуға тиіс, сонда ғана олар бәсекеге барынша қабілетті болып, өмірден оз орындарын таба алады.

«Білген адам білімді өмір бойы іздейді», - деп Ахмет Йүгінеки айтқандай, өмір бойы білім алып, білімді болу - қоғамда өз орнын табудың кепілі.

Соңғы жылдары өмір бойы білім алу концепциясы аса үлкен танымалдыққа ие болып отыр, себебі оқу үшін ешқашан кеш емес, тек талпыныс болса болғаны. Қазір адамды киген киімі бойынша емес, басындағы білімі арқылы бағалайды. Білімді адам ешқашан жұмыссыз қалмайтыны анық.

(18 баллов)
0

күш туралы жоқ!

0 голосов

Ответ:

Объяснение: Алып балуанның күші ме, шіріген байдың дәулеті ме, жоқ әлде айлакер сиқыршының сиқыры ма? Бұл  үшеуінің біреуін таңдап, нағыз күш деп ойласаңыз сіз қателесесіз. Байдың күші кедейлерге көмектескенінде, әйтпесе қолдың кірі ғана. Балуанның күші бұлшық етінде,  жалғыз ғана қарсыласын жығуға жетер, он балуанға бірден шамасы жете қоймас. Сиқырдың күшін айтпасам да болады, өзі де көз байлап қызықтыратын бірнеше айладан тұратыны мәлім. Ал ешқашан сарқылмайтын, өмірде бағыт бағдар беріп, мыңдарды жығатын күш ол- білім. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дейді қазақ. Бұл мақалды көбіміз жатқа білсек те, мағынасына терең үңіліп ойланып көрмеген болармыз.

Адам баласы туа сала ештеңе білмегенімен, Алла тағала оны үйренуі үшін барлық мүмкіндіктермен қамтыған. Яғни адам туа білмейді, жүре біледі. Сол сізге берілген мүмкіндіктердің ең негізгісі, және сізді жануарлардан айыратын ол – ақыл және де ойлау қабілетіңіз. Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас демекші осы ақыл ойыңыз арқылы үйреніп, білім күшіне ие бола аласыз.

(44 баллов)