Мұқан Иманжанов Алматы есеп-санақ техникумында оқыған. Республикалық радио хабарлар тарату комитетінде “Социалистік Қазақстан” газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, “Пионер” журналында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Тұңғыш әңгімелер жинағы “Жастық” 1948 жылы жарық көрді. “Алғашқы айлар” повесі, “Таныс қыз” романы, “Тыңдағылар” әңгіме және очерктер жинағы басылды. Иманжанов өз шығармаларында кеңестік дәуірдегі өмір шындығын, адамдардың тыныс-тіршілігі мен еңбегін, адамгершілік қасиеттерін суреттеді. Кейін “Көк белес” романы, “Өркен” атты мақалалар, естеліктер кітабы, балаларға арналған “Шаңғышылар” әңгімелер жинағы жарық көрді. Иманжанов драматургия саласында да жемісті еңбек етті. “Жас өмір”, “Менің махаббатым” повесі мен пьесалар жинағын, “Сөнген шала”сатиралық комедиясын жазды.