Составить әңгіме құра ** тему космос

0 голосов
19 просмотров

Составить әңгіме құра на тему космос


Қазақ тiлi (106 баллов) | 19 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Космос-954.jpg
Космос – бұрынғы Кеңес Одағынан ұшырылған Жер төңірегіндегі ғарыш кеңістігінде және атмосфераның жоғарғы қабатында ғылыми, техникалық, т.б. зерттеулер жүргізуге арналған ЖЖС-тері сериясының атауы. “Космос” ЖЖС-терін ұшыру 1962 ж. 16 наурыздан басталды. “Космос”-тың ғылыми бағдарламасында: зарядты бөлшектердің концентрациясын, корпускулалық ағынды, радиотолқындардың таралуын, Жердің радиациялық белдеуін, ғарыш сәулелерін, Жердің магнит өрісін, Күн сәулесін, метеорлық заттарды, Жер атмосферасындағы бұлттар жүйесін, ғарыш кеңістігінің әсерлерін, ғарыштық ұшулардың техникалық проблемаларын шешу (орбитада түйісу, ғарыштық ұшу аппаратының атмосфераға енуі, сәулеленуден қорғану, т.б.), ғарыштық ұшу аппаратының құралымдық элементтері мен борттық жүйелерін сынау, сондай-ақ, әскери-ғарыштық барлау мәселелері болды. “Космос” ЖЖС-тері көтерілу биіктігі 140 км-ден (“Космос-244”) 60600 км-ге (“Космос-159”) дейінгі дөңгелек не эллипстік орбитаға жіберілді. Олардың орбиталарының еңкею диапазоны 0,1-тен (“Космос-775”) 98-қа дейін (“Космос-1484”) болды. Бұл еңкею диапазоны ғылыми аппаратураларды Жер төңірегіндегі ғарыш кеңістігінің кез келген ауданына жеткізуге мүмкіндік берді. “Космос” ЖЖС-терінің айналу периоды 87,3 минуттан (“К.-244”) 24 сағат 2 минутқа (“Космос-775”) дейін, қызмет көрсету уақыты орбитаның параметрлері мен борттық жүйе ресурстарының жұмысына байланысты болды. Мысалы, “Космос-27” орбитада 1 тәулік болған, ал “Космос-80-нің” орбитада болуы 10 жылға есептелінген. Олармен хабар алмасу, негізінен, 20, 30 және 90 МГц диапазондарында өтті, кейбір “Космос” ЖЖС теледидар байланысымен жабдықталған. Бірқатар “Космос” ЖЖС серияларында ғылыми аппаратуралардың Жерге қайта оралатын капсулалары болды. 1.1.1984 жылға дейін 1521 “Космос” ЖЖС-тері ұшырылған.

(58 баллов)