Айтыс түрлерінің негізгі белгілерін анықтап, кестеге жаз. Бәдік айтысы Жануарлар мен адам...

0 голосов
349 просмотров

Айтыс түрлерінің негізгі белгілерін анықтап, кестеге жаз. Бәдік айтысы Жануарлар мен адам ай- тысы Жұмбақ айтысы Өлі мен тірінің айтысы Қыз бен жігіт ай- тысы Ақындар айтысы​


Қазақ тiлi (12 баллов) | 349 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

Бәдік айтысы

Айтыстың бұл түрі – айтыс жырларының көне түрі. Ол адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде, шаманизм дін нанымына байланысты туған.

Жануарлар мен адамның айтысы

Төрт түлік халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алады. Онда жануарлар мен адамның айтысы да кездеседі. Мысал үшін иесі мен сиырының айтысын алайық.

Жұмбақ айтысы

Айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі – жұмбақ айтысы. Жұмбақ айтысы халықтың өмір, табиғат құбылысын білсем деген арман-тілегінің елесі. Алуан өмір құбылыстарын түсіну, білу, білмегендерді соған жетектеу, әсіресе жастардың ойсанасын кеңейту тілегінен туады. Сондықтан ұсақ нәрселерден бастап жұмбақ етіп, қиынға көшу, өзінше сол ойсананы өрістету, ойлауға дағдыландыруды мақсат етеді.

Салт айтысы

Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы. Қыз бен жігіт айтысы. Қыз бен жігіт айтысы көбіне ойын-тойда айтылады. Ойын-тойдың бір бөлімі болып кіруі оның салт өлеңі екендігін айқындайды.

Ақындар айтысы: а) Ру айтысы,  ә) Жұмбақ айтыс, б) Дін айтысы,  в)  Жазба айтыс, г) Қазіргі күнгі айтыс (Телевизиялық айтыс).

Өлі мен тірінің айтысы:

Ақбала мен Боздақ — салт айтысының үлгісі, өлі мен тірінің айтысы. Авторы туралы еш дерек жоқ. Алғаш ел аузынан жазып алып, бастырған В. Радлов. Он бір буынды қара өлең үлгісімен келетін айтыс, бірін-бірі сүйген екі жас — Ақбала мен Боздақтың алма кезек жауаптасуынан тұрады. Айтыс мазмұны екі ғашықтың бас қосқанын біліп қойған қыз әкесінің “қызымды бермеймін” деп үдере көшуінен басталады. Олар алыс көшіп кеткен соң, Боздақты әкесі бұрынғы айттырған қайнына жібереді. Жігіт қайтып Ақбаланың жеріне келсе, ол қайтыс болыпты. Айтыс Ақбала мен Боздақтың, өлі мен тірінің жауаптасуына құрылған. Айтыста әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, екі жастың бір-біріне сүйіспеншілігі көркем көрініс тапқан. Айтыс “Түркі халықтары әдебиетінің нұсқаларында” (ІІ-том. С.Петербург, 1870 жылы, бастырған В.Радлов), 1923 жылы “Темірқазық” журналының 2-3 санында (109-115 беттер), М., 1965 жылы, “Айтыс” жинағының 1-томында, “Қазақ халық әдебиеті” көптомдығының 13-томында (33-37 беттер) жарияланған. Соңғы жинаққа да В.Радловтың нұсқасынан алынып берілген.

Объяснение:

(80 баллов)
0

где два последних?