1. Александрия кiтапханасында 700 мыңға жуық том (орам) кітап болған.
2. Александрия кiтапханасының қорын жинау, сақтау шеберлігі жоғары дәрежеде болғандығын Каллимахтың библиография каталогы дәлелдейді.
3. Александрия кiтапханасының хазірет Әмір жарлығымен өртелгені — алғашқы дәуір тарихшыларына беймағлұм.
4. Шын мәнінде кітапхананың Рим, Грек, Үнді және Мысыр әдебиетін сақтаған ең үлкен бөлігі б.з.б. 48-47 жылдарда Юлий Цезарь мен мысырлықтар арасындағы сұрапыл соғыс кезінде өртеніп кеткен.
5. 1933 жылы М.Шоқай: “Мәскеу большевиктері Искандерия кітапханасын Халифа Әмір тарапынан өртелгенін айта отырып, Иран, Түркия және Ауғанстан халықтарын надан, жабайы етіп көрсетуді мақсат етіп отыр” деп жазды “Яш Түркістан” журналында