Ответ:
«Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» диалог.
Мұғалім: Балалар, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алды, кім біледі?
Оқушылар: Апай, мен білемін. 1989 жылы тілдер туралы Заң қабылданып, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алды.
Мұғалім: Жарайсың, Санжар. Келесі сұрақ: қазақ тілі қашаннан бері заңды түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып саналады?
Оқушылар: Ол сұрақтың жауабын мен білемін. 1990 жылдан бері қазақ тілі заңды түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып саналады.
Мұғалім: Дұрыс айтасың, Айлана. Жалпы, мемлекеттік тіл дегеніміз не?
Оқушылар: Мемлекеттік тіл дегеніміз - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Мұғалім: Өте керемет жауап, Алтынай! Мемлекеттік тілді меңгері парыз ба, қалай санайсыңдар?
Оқушылар: Ия, апай. «Тіл туралы» заңға сәйкес мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Өткен сабақты жақсы меңгеріпсіңдер! Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс екенін естеріңде ұстаңдар.
(прости, сделала больше,надеюсь подойдет :3 )
Объяснение: